21 наурыз күні Астанада «Сарыарка» велотрегінің аумағында Жастар жылына арналған «Наурыз мейрамы» мерекелік велошеруі өтті.
Шараны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты. Велошеруде бірінші орынды ерлер арасында Ержан Өмірқұл жеңіп алды. Екінші орынды Данияр Құттыбек, үшінші орынды Андрей Крейс иеленді. Әйелдер арасында бірінші болып мәреге Анастасия Ларцова келсе, екінші болып Жансая Әбдукәрімова жетті. Ал үшінші орынға Ләззат Рамазанова ие болды.
Ересектер арасында бірінші орынды Сағдат Сергебаев алса, әйелдер арасында Ләззат Рамазанова құрмет тұғырына көтерілді. Ерлер арасында жарысқа қатысқан үздік жас спортшы болып Тимур Сейітбеков, қыздар арасында Анастасия Ларцова атанды.
Барлық қатысушылар 6 шақырым жүріп өтті. Сонымен қатар, спортшылар армрестлинг, асық ату, тоғызқұмалақ, күрес, гір көтеру бойынша өнер көрсетті. Мерекелік шара кезінде қазақтың салты бойынша тұсау кесер рәсімі өтті.
Жарыс бұқаралық спорт түрлерін дамыту, оны халық арасында насихаттап, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА