• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлде алды

    Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені жеңіп алды.

    Әлемдік додада ол қазақ қыздарынан бұрын-соңды ешкім жетпеген жетістікке жетті. Жарыста Элизабет өте жақсы өнер көрсетіп, төрттік сальховты орындады. Мәнерлеп сырғанауда әйелдер арасында мұндай қиын элементті ешкім орындай алмаған.

    Төрешілер Тұрсынбаеваның бұл орындауын 148.80 балға бағалады. Жарыста жанкүйерлер мен телеарна комментаторлары таңдасындарын жасырмай, айдында аққудай жүзген қазақ қызына қайран қалды. Сөйтіп, Элизабет Тұрсынбаева бағдарламалардың қорытындысы бойынша 224.80 ұпай жинап, Қазақстан спортының тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Сондай-ақ, ол қатпары қалың тарих беттерінде әйелдер арасында төрттік сальховты тұңғыш орындаған спортшы ретінде қалды.

    Менің қуанышымда шек жоқ. Күміс жүлдені күтпедім.  Сенесіздер ме, мен әлі бұл элементті таза орындағаныма сенбей тұрмын. Өйткені, соңғы екі жарыста сальховты орындауда қателік жіберген едім. Ал бүгін таза орындап шықтым. Мұз айдынына шығып бара жатқанда өзімді жақсы сезінгенмін. Бір күш қолдап тұрғандай болды. Сол бір керемет сезім менен соңына дейін кеткен жоқ, – деді Тұрсынбаева.

    Әлем чемпионатында ресейлік Алина Загитова алтын медальді, оның отандасы Евгения Медведева қола жүлдені иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Б

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *