• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Аят» күтпеген ойын көрсетті

    Алматының футзалдан «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында екінші кездесуін өткізіп, тағы да жеңіске жете алмады. Бұл жолы алматылықтар Испанияның Пальма-де-Мальорка қаласының «Пальма» командасымен ойнап, 2:2 есебімен тең түсті.

    Матчтың 9 минутында Дуглас Жуниор өз қақпасына доп соқты. Содан кейін араға 10 минут салып Дәурен Тұсағұлов есепті теңестірді. Кездесудің 36-минутында Шыңғыс Есенаманов гол салып, «Қайратты» алға шығарды. Алайда негізгі уақыттың бітуіне 1 минут қалғанда «Пальманың» ойыншысы Элой Рохас есепті теңестіріп кетті. Осының алдында «Қайрат» Бельгияның «Халле-Гооик» командасымен де 2:2 есебімен тең ойнаған еді.

    Енді «Қайрат» 1-топтағы келесі кездесуін 29 қазанда Францияның «Спортингіне» қарсы өткізеді.

    Ал Рудныйдың «Аят» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші ойынында ұтылды. Олар Португалияның «Спортинг» командасынан үлкен есеппен жеңілді. Есеп –  1:7. «Спортингтің» сапында Диего Кавинато (4 минут), Паулета (5, 7 минут), Эрик (16 минут), Угу Силва (20, 34 минут) мен Мигел Анжелу (38 минут) голдардың авторы атанды.

    «Аят» клубында жалғыз допты ұлттық құрама ойыншысы Азат Валиуллин (8 минут) соқты.

    Бұған дейін Рудный командасы Хорватияның «Нови Вриеме» клубымен 2:2 есебімен тең түскен еді.

    Енді «Аят» 29 қазанда Хорватияның «Пула» командасымен ойнайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *