• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дұрыс қанаттанған түзу ұшады

    Спорт – денсаулық кепілі десек, дене шынықтырумен белсене айналысқан жанға ешқандай дерт тұзағын сала алмайды. Заманның ағымына қарай ағыспен арпалыса еңбек етіп жатқан спорт мектептерінің игілікті істері ешқашан елеусіз қалмайтыны бір анық.

    Айталық, бүгінде Кәркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі елдегі ілгері оқу жəне спорт ордасының бірі болып саналады. Бұл мектепте тəлім алып жатқан дарынды жасөспрімдер спортпен белсене айналысып, табыстан табысқа жетіп келеді.

    Жақында Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында жасөспірімідер арасында кросс-кантри олимпик жарыс түрінен өткен Азия чемпионатында айтулы мектептің 1 курс студенті Алина Спирина топ жарып алда келсе, семсерлесуден 19-20 қараша күні жасөспірімдер арасында Ташкентте өткен əлем кубогынде ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен спорт мектеп-интернат-колледждің семсерлесушілері Наталья Зинякова мен Александра Тамбовцева күміс жүлдегер атанып, үлкен жетістікке жеткен екен.Сонымен қатар, жуырда таэквондодан Ауған соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған республикалық турнирде осы мектеп-интернаттағы таэквондо бөлімінің спортшылары екі алтын, екі күміс жəне бір қола, бар жиынтығы 5 медаль жеңіп алған. Айта берсең табысы таусылмас Кәркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің дарынды спортшылары ел намысын халықаралық, əлемдік байрақты жарыстарда жерге қаратпай, жеңіс биігінен осылайша көрініп келеді.

    «Білім өмір шырағы», демекші, спортпен бірге білімді де дамытып отыруға жас ұрпақ міндетті. Бұл мектептің дарынды оқушылары додалы жарыстарға ғана бар бейімін сарп етпей, мəдени-рухани білімдерін шыңдауға барынша көңіл бөліп отырады. Соның бір айғағы жақында К.Ахметов атындағы республикалық арнайы мамандандырылған Олимпиадалық резевенің мектеп-интернат колледжінің шаңырағында аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Еңбегі еліне сіңген ардақты тұлғаның бірі әрі бірігейі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың мұражайына саяхат жасаған жасөпірімдер үлкен əсер алды. Көп жылдар бойы Қазақстанды басқарып, ел экономикасы мен халықтың əл-ауқатының жақсаруына орасан үлесін қосқан Дінмұхаммед Ахметұлының есімі ел есінен ұмытылмаса анық. Ұлт қайраткер Дінмұхаммед Қонаевқа арналып басталған іс-шара алдымен мұражайды аралаудан басталған еді. Айтулы мектеп –интернаттың дарынды жас спортшылары мұражай ішін арлап жүріп, Д.А.Қонаевтың тұрған үйін, мұражайдағы құнды жəдігер болып есептелетін кітаптар мен көзі тірісінде қолданған заттарын көріп үлкен əсер алды. Жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытуда осындай ізгілікті шаралардың орны ерек. Мектеп оқушыларымыз Қазақстанның дамуына сіңірген еңбегі кемел аталарының өмірі жайлы көптеген тың мағлұматтарға қанық болып, алған əсерлерімен бөлісіп жатты.

    Игілікті шара жалғасын Кəркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің дзюдо академиясында жалғасын тапты. Қазақстан бойынша теңдесі жоқ салынған Дзюдо академиясының ішінде Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналып аламан дзюдодан турнирі болып өтті.

    Турнирге айтулы мектеп-интренат колледждің білекті жас балуандары мен бірге «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің дзюдошыларыда қатысты. Турнир жолдастық кездесу жүйесімен өткізілді. Алдымен мекеме басшысы Ернар Таласбекұлы қазақтың дара тұлғасы Дінмұхаммед Қонаев атамыздың елге сіңірген еңбектерін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сəттілік тіледі. Бұл шараға аранйы Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордан келген қонақтарда өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қор есебінен сыйлықтар табыс етті.

    Дзюдошылар татамиге шықпас бұрын спорт мектеп[1]интернат-колледждің өзгеде бөлімдері өздерінің шеберліктерін көрермендерге ұсынды. Көркем гимнастика жəне спорттық гимнастика спортшылары акробатика элементтерін қосып билесе, семсерлесу бөлімі қылыштасу өнерін, дзюдошыларымыз күрестеріндегі əдіс тəсілдерін əсерлете көрсетті. Турнирдің негізгі бөлігінде еліміздегі екі шоқтығы биік спорт мектептерінің арасында дзюдо балуандарының тартысты бəсекелері болып өтті.

    Екі спорт мектеп-интернат колледждерінің арасындағы 7 салмақ бойынша жекпе-жектерде, Кəркен Ахметов атындағы Олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп[1]интернат-колледжінің дзюдошыларының асығы алшысын түсіп жеңіске жетті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті марапаттарын алды. Жарыс соңында барлығы естелік суретке түсіп бір жасап қалды. Негізі осы тарихы тереңнен тарау алған айтулы мектептің қабырғасынан елімізге танымал көптеген спортшылардың шоғыры шықты. Мысалы, дзюдо күресінен Асхат Житкеев, Елдос Сметов сынды саңлақтарымыз Олимпиада ойындарында күміс жүлделерді иеленіп, көк байрағымызды көктен желбіретсе, алтын алқалы ағаларының ізін жалғастырушы жас талант Бекарыс Сəдуақас Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте жасөспірімдер арасында өткен ІІІ Олимпия ойындарының чемпионы атанып, еліміздің атын шығарды. Міне, осындай қазақ спортының мақтанышына айналған апайтөс спортшылардың көпшілігі осы Кәркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледждің қабырғасынан қанаттары қатайып түлеп ұшса, кейбір жас таланттар білімін ұштап жаттығуын əлі жалғастыруда.

    Бүгінде құрылысы жаңарып, жаңаша көрініс алған айтулы мектеп-интернаттың ауласында орналасқан зəулім дзюдо академиясы талантты балуандарды шығарып жатқан ұстахана іспетті. Сондықтан да бұл мектеп-ұжымы барлық мақтауға лайықты жұмыс істеп келе жатқанының куəсі боламыз. Игілікті шаралар арқылы жасөспірмдерге дұрыс бағытта тəрбие шараларын беріп жатқан Кəркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің алар асулары əлі алда. «Дұрыс қанаттанған түзу ұшады», деген сөз бар қазақта. Ендеше, қанаттары дұрыс қатайған жастүлек спортшыларымыз ел намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *