• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионатында алғаш рет әйел бас төреші қызметін атқарады

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғаш рет әйел бас төреші қызметін атқарады. Бұл қызмет франциялық төреші Стефани Фраппарге тапсырылды.

    Ол 1 желтоқсанда Е тобындағы үшінші турда Германия мен Коста-Рика құрамаларының кездесуінде бас төреші болады.  Оған мексикалық Карен Диас пен бразилиялық Неуза Бакк әйел төрешілер алаң жиегінде жүріп көмектеседі.

    Стефани Фраппар 1993 жылы туған. 2011 жылдан бері төрешілік қызметін атқарып келеді. 2019 жылы Францияда өткен әйелдер арасындағы АҚШ пен Нидерланды ойынында төреші болды.

    Е тобында екінші турдан кейін Испания төрт ұпаймен көш бастап тұрса, Жапония мен Коста‑Рика еншісінде үш ұпайдан бар. Ал Германия бір ұпаймен төртінші орында келеді.

    Биылғы додаға Салима Мукасанга (Руанда) мен Йошими Ямасита (Жапония) сынды әйел төрешілер де шақырылған.

    Жалпы, әлем чемпионатында барлығы 36 төреші қызмет етуде.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *