• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды

    АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиададағы хоккей турнирінде қола жүлдегер анықталды. Үшінші орын үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары ойнап, қазақстандық студенттер құрамасы қарсыластарын 8:1 есебімен ойсырата ұтты. Бұл қола – ел қоржынына Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарында түскен 10-медаль.

    Матчтың 6-минутында Максим Мухаметов құраманы алға шығарды. Екінші кезеңде отандастарымыз қатарынан үш шайба салды. Онда Саян Данияр, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов қақпаны дәл көздеді. 39-минутта жапон хоккейшілері бір шайбамен жауап қайырды.

    Үшінші кезеңде Әли Қасенов, Данил Бутенко бір-бір шайбаның авторы атанса, Максим Мұхаметов матчта үшінші рет мергендік танытты.

    Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберген еді. Ал жартылай финалда Канада құрамасынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

    Енді финалда ертең Астана уақытымен таңғы 04:10-да Канада мен АҚШ құрамалары кездеседі.

    Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы дүрмекті додаға 9 рет қатысты. 1993 жылы студенттеріміз Универсиаданың қола жүлдегері болса, 1995 жылы чемпион атанды. Одан кейін 2013, 2015, 2017 жылдары күміс жүлдені, 2007 жылы қола медальді иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *