АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада шаңғышылардың 15 шақырымға жарысында Ксения Шалыгина екінші жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін отандасымыз әйелдер командасының құрамында Айша Ракишева мен Надежда Степашкинамен бірге эстафетада қола медалді иеленген болатын.
Ал Шалыгина екінші медалін жеңіп алған жарысқа онымен бірге Қазақстан атынан 5 спортшы қатысты. Олар – Надежда Степашкина, Лаура Кондыбаева, Айша Ракишева, Анастасия Ротова және Мария Люфт. Осылардың ішінде ең жақсы нәтижені Ксения Шалыгина көрсетіп, қола медальді жеңіп алып отыр.
Ал алтын жүлдені эстондық шаңғышы Мариэль Пуллес еншіледі. Одан 4 секунд қалып қойған америкалық Кендалл Крамер күміс жүлдегер атанды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА