• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты: екі боксшы финалға жолдама алды

    Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы бәсекесінде Қазақстан алғашқы финалдық жолдамаға ие болды.

    70 килода бақ сынаған отандасымыз Жасмин Қизатова вьетнамдық Труонг Мин Тху Кюнхпен кездесіп, үшінші раундта техникалық  нокаутпен жеңіске жетті. Екінші және үшінші раундтарда вьетнамдық спортшы нокдаунға түскенде төреші Жасмин Қизатова жеңді деген шешім шығарды. Осылайша, отандасымыз командаластарының арасынан алғаш болып финалға жолдама алып, енді алтын жүлде үшін сынға түседі.

    Тағы бір боксшы Гүлсая Ержан ел қоржынына 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты финалдық бәсекесінің екінші жолдамасын салды.

    81 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлсая Ержан жартылай финалда Непал елінің спортшысы Триша Джебегумен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Енді Гүлсая Ержан алтын жүлде үшін таласады.

    Гүлсая Ержан бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан финалға жолдама алған екінші спортшы болды. 81 килода бақ сынайтын спортшымыздың алдында Дана Дидай финалға жолдама алған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *