Азияның Олимпиада кеңесі Ресей мен Беларусь еліне 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысуды ұсынды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.
«Азияның Олимпиада кеңесі спортты жер-жүзін біріктіретін күші бар екенін айтап отырып, барлық спортшының ұлты мен төлқұжатына қарамастан жарыстарға қатысатын мүмкіндігі болуы керек деп есептейді. Ұйым Ресей мен Беларусь спортшыларына Азияда өтетін жарыстарға, оның ішінде Азия ойындарына қатысуды ұсынады. Сондай-ақ Азияның Олимпиада кеңесі Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық жарыстарға қатыстыру туралы Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін күтіп отыр», — делінген ұйымның мәлімдемесінде.
Дастан КЕНЖАЛИН,
Астана