Беларусьтің астанасы Минскіде өтіп жатқан «Даму кубогы-2023» халықаралық турнирінде 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы ойынын өткізді.
Құрама команда Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасымен кездесіп, қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Матчта жалғыз голды Эльхан Саидов соқты.
Александр Кузнецовтың командасы келесі ойынын 7 ақпан күні Өзбекстанмен өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 14:00-де басталады.
Қазақстан U-17 – Ресей U-16 – 1:0 (1:0)
Гол: Саидов 40
Қазақстан U-17: Әбілқайыр Әлиақбар (қ), Елжан Молдахмет, Эльхан Саидов, Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Ерасыл Сәрсенбай 49), Ілияс Әбіл (Виктор Лакеев 65) (Шахбоз Тураев 77), Ахметәли Қалтанов, (Тимур Құрбанов 49) (Эмин Мусаев 77), Шыңғыс Дүйсенбек, Рустам Жанхаев, Данияр Ерлан (Аян Байдәулетов 49), Тамерлан Ағыманов (Алан Адахаев 65) (Әділет Өмей 77);
Қосалқы құрам: Ильдар Меңдіғалиев (қ);
Аға жаттықтырушы: Александр Кузнецов.
Ресей U-16: Егор Плотников (қ), Константин Трон (Максим Радченко 74), Артем Чистяков (Эмин Эскеров 51), Мингиян Бадмаев, Кирилл Житлов, Леонид Кононов (Тимур Батрчин 61), Артем Хмарин (Егор Бурхин 61), Артем Пономарчук (к) (Алексей Бондаренко 74), Александр Бекетов (Даниил Житников 51), Артем Сидоренко (Егор Комельков 51), Павел Голубков (Николай Кобылин 61);
Қосалқы құрам: Владислав Джураев (қ), Алексей Дмитриев, Данил Авраменко;
Аға жаттықтырушы: Андрей Аксенов.
Төрешілер: Павел Грицюк, Евгений Ахрименя, Сергей Несцер (барлығы – Беларусь).
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА