• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    WBA Головкиннен шаршы алаңға шығуды талап етті

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA)  орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуге міндеттелді. Бұл туралы wbaboxing.com сайты хабарлады. 

    WBA боксшыларға 23 ақпанға дейін келісімге келуге 15 күн уақыт берді. Яғни, Головкин мен Лараның командасы 8-23 ақпан аралығында өзара шарттарды ақылдасады.  Егер боксшылардың командалары осы уақытқа дейін келісімге келмесе, жекпе-жекке промоутерлік сауда белгіленеді.

    Генадий Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізіп, IBF титулын қорғауы керек еді. Алайда 8 ақпанда GGG бұл титулдан бас тартатынын мәлімдеді.  Оның себебін, Головкин бразилиялық Эскива Фалькаоға титул үшін жекпе-жек өткізіп, , IBF белбеуін жеңіп алуға мүмкіндік бергенімен түсіндірді.

    Енді WBA Фалькаомен жекпе-жек болмаған соң, Головкинге жаңа қарсыласты таңдап, Ларамен қолғап түйістіруді міндеттеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *