• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    2030 жылғы қысқы Олимпиада Швецияда болуы мүмкін —  БАҚ

    2030 жылғы қысқы Олимпия ойындары Швецияда болуы мүмкін. Бұл үшін Швецияның Олимпиада комитеті сарапшылардың жазға дейін елдің Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігін зерттейтінін мәлімдеді.

    Швеция Олимпиада комитеті төрағасының міндетін атқарушы Андерс Ларссонның айтуынша, Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу туралы мәселе қарастырылып жатыр. Егер сарапшылар бір келісімге келсе, төрт жылда бір рет өтетін дүрмекті додаларды өткізуге болады.

    Біздің елде ірі қысқы жарыстарды ұйымдастырып, өткізу үшін мүмкіндіктің бәрі бар. Спорт ареналары жетеді, — деді ол.

    Швецияның астанасы Стокгольм қаласында 1912 жылы қысқы Олимпия ойындары болған еді. Одан кейін де 2026 жылғы Скандинавия елі Ақ ойындарды  өткізу үшін өтінім де беріп көрген. Алайда 2026 жылғы Олимпиаданың жалауы Италияда көтерілетін болып шешілді.

    2030 жылғы қысқы ойындарды өткізуге әзірге Швециядан басқа Жапонияның Саппоро қаласы мен АҚШ-тың Солт-Лейк Ситиі өтінім беріп отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *