• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Польша ХОК-тан Олимпиадаға Ресей спортшыларын қатыстырмауды талап етті

    Польша Халықаралық олимпиялық комитетке (ХОК) Олимпиялық ойындарға ресейліктерді қатыстырмау жөнінде ультиматум қойды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

    Батыс коалициясына кіретін елдердің бірі 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға ресейлік және беларусьтік спортшылар қатысатын болса, Ойындарға бойкот жариялауға дайын екенін білдірді, – делінген хабарламада.

    Әзірше ХОК өзінің Парижде 2024 жылы өтетін Олимпиадаға РФ және Беларусь атлеттерін бейтарап мәртебе негізінде жіберу жөніндегі идеясын қорғаштаумен келеді. Ал Украинадағы соғыс біткенге дейін ресейліктер мен белорустарды халықаралық жарыстардың бәрінен толық оқшаулап тастауды талап етуші коалицияның авангардына жүрген Польша бұл мәселеге қатысты текетірестің соңына дейін баратынын байқатып, Олимпиадаға бойкот жариялауға дайын екенін жеткізді.

    Польша спортының басшысы Камиль Бортничук егер РФ мен БР спортшылары жарысқа жіберілетін болса, өз елінің Франция астанасында өтетін Ойындарға бойкот жариялауға дайын екенін растап берді, – делінген порталда.

    Бұған дейін  әлемнің 35 елі Ресей мен Беларусь спортшыларын 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан толық оқшаулау, оларды ешқандай да бейтарап ту астында жарыс жолына шығармау жөнінде бастама көтерген болатын. Ал жақында ХОК президенті Томас Бах Олимпиялық ойындарға кімдердің қатысатындарын үкіметтер анықтауы тиіс емес деген сыңайда жауап қайтарды.

    Алайда, ресейліктер мен белорустарды Ойындарға қатыстырмау жөнінде бастама көтеріп жүрген коалиция елдері бұл күрестің соңына дейін баратын сияқты. Егер олар дегендеріне жетпесе, Олимпиадаға жаппай бойкот жариялануы әбден мүмкін.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *