Жеңіліп көрмеген файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді (15-5) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін өзінің келесі қарсыласының атын атады.
Белбеуге таласу үшін әлі 1-2 жекпе-жек өткізуім керек деп айтқанмын алдында. Ал қазір оған дайынмын. Колби Ковингтон, дайындала бер! Келесісі – сенсің! — деді Шавкат Рахмонов октагонда тұрып.
Сондай-ақ ол болашақта жартылай орта салмақтағы UFC титулына таласуға ниетті екенін мәлімдеді. Сөйтіп жақында осы белбеуге таласатын Леон Эдвардс пен Камара Усманды құлағдар етіп, оларға да ескерту жасады.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА