• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тағы бір Қазақстан шахматшысы әлемнің төрт дүркін чемпионын ұтты

    Астанада шахматтан алғаш рет өтіп жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матчта Меруерт Камалиденова әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хо Ифанды ұтты.

    Меруерт Камалиденованың өзі шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, классикалық шахматтан былтырғы жылғы Қазақстан чемпионы. Жасы – 17-де.

    Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ол әлемнің мықты шахматшыларының бірі саналатын Қытай өкілін аса қиналмай, сенімді түрде жеңді. Бұған дейін Қазақстан мен әлем құрамаларының матчының алғашқы күндері ол қытайлық қарсыласынан жеңілген еді. Сол кезде Бибісара Асаубаева Хо Ифанды екі рет жеңген болтын. Ал Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлікпен шетелдік шахматшымен тең түскен.

    Әйелдер арасындағы командалық матчтың жалпы жүлде қоры – 50 мың доллар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Meru ⭑ (@m_kamalidenova)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *