• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Барыс» хоккейшілері 279 млн теңгеге дейін жалақы алады

    Ресейдің «Спорт-Экспресс» порталы алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын барлық хоккейшінің жалақысын жариялады.

    Мысалы, соңғы маусымда «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақыны Линден Вей мен Никита Михайлис алған. Екеуі де 50 миллион рубль (қазіргі курспен 278,73 миллион теңге) тауыпты.

    Одан кейін Алекс Грант – 45 млн рубль (250,85 млн теңге), Майкл Шапю – 26 млн рубль (144,94 млн. теңге), Крис Биграс, Юлиус Гудачек және Энтони Луис – 25 млн рубльден (139,36 млн теңге), Джесси Грэм – 23 млн рубль (128,21 млн теңге), Джереми Бракко – 22 млн рубль (122,64 млн теңге), Иван Мищенко мен Нельсон Ножье – 18 млн рубльден (100,34 млн теңге), ал Кирилл Савицкий мен Антон Сагадеев 13 млн рубльден (72,47 млн теңге) алады.

    Бұдан бөлек, Михаил Григорьев және Кирилл Максимов –10 млн рубльден (55,75 млн теңге), Әлихан Әсетов пен Егор Шалапов – 9 млн рубльден (50,17 млн теңге), Никита Бояркин – 8 млн рубль (44,60 млн теңге), Егор Петухов және Аркадий Шестаков – 6 млн рубльден (33,45 млн теңге), Самат Данияр, Михаил Рахманов пен Юрий Сергиенко – 5 млн рубльден (27,87 млн теңге), Әділ Бекетаев, Дмитрий Гурков және Андрей Шутов – 4 млн рубльден (22,30 млн теңге), Тамирлан Гайтамиров 3 млн рубль (16,72 млн теңге) тапқан.

    Бұл ретте тізіміге кейбір жас ойыншылар енбеген. Олардың ішінде Аңсар Шайхмедденов пен Дінмұхамед Қайыржан бар. Лигада хоккейшілердің ең төменгі айлығы – 1 млн рубль (5,57 млн теңге).

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *