• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Ролан Гаррос» турнирі: Қазақстан құрамасы қанша табыс тапты?

    Қазақстан теннисшілерінің «Ролан Гаррос» турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Франция ашық чемпионатына еліміздің жеті теннисші қатысты. Осы турнирде спортшылардың бәрі ұтылса да 485 мың еуро (234,4 млн теңге) табыс тапты. Мысалы, табыс табу жөнінен Юлия Путинцева алда тұр. Ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті. Жұптық сында ресейлік Камилла Рахимовамен бірге алғашқы айналымнан аса алмады.

    Биылғы турнирден Путинцева 150 500 еуро (8 500+142 000) алды. Одан кейін үшінші айналымға дейін жеткен Елена Рыбакина тұр. Ол 142 000 еуро тапты.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакина сырқаттанып қалуына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Жұптық сында ол жарысқа қатысқан жоқ.

    Александр Бублик биылғы жарыста 77 500 еуро (8 500+69 000) алды.  Тимофей Скатов — 69 000 еуро, Александр Недовесов — 21 500 еуро, Анна Данилина — 16 000 еувро (2 500+13 500), Андрей Голубев 8 500 еуро тапты.

    Биыл «Ролан Гаррос» турнирінің жүлде қоры 49,6 млн еуро болып отыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *