• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әділбек Мусин суға жүзуден екі дүркін Азиада жүлдегері атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында тағы бір спортшымыз жүлде алды. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Әділбек Мусин қола медаль алып, осымен екі дүркін Азиада жүлдегері атанды.

    Осы сында Оңтүстік Кореяның спортшысы Инчул Бэк чемпион атанса, сингапурлық Цзен Вей Теонг мәреге екінші келіп, күміс медалист болды.

    Бұл Әділбек Мусиннің Азиядадағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, үшінші орынды жеңіп алған.

    Әділбек Мусин 1999 жыл Астана қаласында туған.  Суға жүзуде еркін жүзу және баттерфляй әдістерімен жүзеді. Қазақстан Республикасының рекордсмені. V Ислам ойындарының чемпионы, 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

    Жаттықтырушы —  Станислав Осинский.  Спортшы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    ФОТО: Gov.kz

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *