• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Солдан оңға қарай Фатима, Александра, Зухра

    Қазақстаннан Азиадаға барған егіз спортшылар күміс жүлдегер болды

    Бүгін Қытайда өтіп жатқан Азиадада 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Зухра Ирназарова Азиада чемпионы атанды. Ол сондай-ақ  командалық сында өзінің егізі Фатима Ирназаровамен және Александра Садуақасовамен бірге күміс жүлдегер болды.

    Биылғы Азиадада бірінші рет егіз спортшылар құрмет тұғырына көтерілді. Басқа елдерден егіз спортшылардың жарыстарға қатысып жатқаны бізге белгісіз. Ал Зухра мен Фатиманың бірге дүрмекті додаға қатысып, күміс медальді иеленгені бұған дейін болған емес.

    Егіз спортшылар 2005 жылы 2 қаңтарда Шымкент қаласында туған. Зухра 2019 жылы Катардың Доха қаласында 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ атудан Азия чемпионы атанған. Одан кейін 2021 жылы Шымкентте өткен Азия чемпионатын жеңіп алған. Әзербайжанның Баку қаласында өткен әлем чемпионатында да бас жүлдені иеленген. Биыл Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында  жалауы желбіреген жастар арасындағы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрінген.

    Фатима да осал спортшы емес. Ол да жастар арасындағы әлем чемпионы. Зухра екеуі Кореяның Чангвон қаласында бірге құрмет тұғырына көтерілген. 2019 жылы Катардың Доха қаласында Азия чемпионы атанған. 2021 жылы Шымкентте өткен Азия чемпионатын жеңіп алған. Екеуінің жаттықтырушысы да бір адам. Наталья Юнусметова екеуін жастайынан жаттықтырып келеді екен. Екеуінің де Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері деген атағы бар.

    Бүгін егіз спортшылар Александра Садуақасовамен бірге басқа спортшыларға жол ашып берді. Еске салсақ, қыздардың 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысынан кейін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Иран спортшылары Алиреза Агажанигасаб пен Аббас Поурасгариді 2:0 (25:23, 30:28) есебімен жеңіп, медаль әкелді.

    Таэквондошылар Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениз де үшінші орыннан көрінді. Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдені иеленді.

    Қазір отандастарымызда 3 алтын, 3 күміс және 11 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орнын сақтап отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *