Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойныдарында тағы да еліміздің жалауы көтеріліп, әнұраны ойнады.
Параазиадада 73 кг салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды. Ол алтын медаль үшін күресте Өзбекстанның спортшысы Феруз Саидовты жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын!,- деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев чемпионды құттықтау хатында.
Бүгін Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы пара дзюдодан тағы бір алтын медаль иеленді. Бұл жүлдені Ерғали Шамей жеңіп алды. Ол отандасымыз Асылан Нұрдәулетовпен финалда татамиге шықты.
Сөйтіп, ол Азия Пара ойындарының чемпионы атанса, Асылан Нұрдәулетов күміс медальге ие болды.
Олжас Оразаәліұлының алтын жүлдесі — биылғы Азия Пара ойындарындағы дзюдошылардың төртінші алтын медалі.
ФОТО: Туризм және спорт министрлігі