Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің басшысы болып Сырым Боранбай тағайындалды, деп хабарлады ведомство.
Сырым Боранбай 1986 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетін бітірді (бакалавриат, магистратура).
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеді.
ФОТО: Туризм және спорт министрлігі