Жасанды интеллекттің Deep Strike құралы Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің арасындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады, деп хабарлады Bassport.kz.
Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған еді. Ол 12 раундқа созылды.
Оның қорытындысы бойынша жекпе-жек тең аяқталды. Төрешілер Канелоның пайдасына 118:110, Головкиннің пайдасына 115:113 есеп берді. Сөйтіп, реферилердің шешімімен есеп 114:114 болды.
Deep Strike талдауына қарағанда, Головкин Канелодан соққылар саны бойынша басым болған. Мексикалық боксшының 217, ал Головкиннің 300 соққы жасағанын анықтаған.
Сонымен бірге Геннадий Головкин жекпе-жектің 9 раундында көбірек соққы жасап, соққылардың жалпы саны бойынша да асып түскен.
Нәтижесінде 897:577 есебі тіркелді. Deep Strike Головкиннің Канелоны қысым бойынша да, яғни 49%:24% нәтижесімен жеңгенін анықтаған.
Одан кейін Deep Strike жасанды интеллекті құралы боксшылардың 2018 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен екінші жекпе-жегіне де талдау жүргізіп көрді. Оның қорытындысы бойынша да Головкиннің жеңгені анықталды. Алайда бұл айқаста төрешілер жеңісті мексикалыққа берді.