«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет актриса Нұрсұлу Ізбасаровамен заңды некесін қиды.
Неке қию рәсімі 14 қарашада болды. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы хабарлады.
Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова не қиды. Сендерді отбасылық өмірге қадам басып, шаңырақ көтерулеріңмен құттықтаймыз!, — делінген хабарламада.
Жас жұбайлар да қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.
Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова осыдан алты жыл бұрын танысқан.
Футболшы тамыз айында Алматыдағы Орталық стадионда «Қайраттың» «Астана» командасымен (1:0) матчта сүйіктісіне ұсыныс жасаған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram