• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Mike Stobe

    Бокстан америкалық әлем чемпионы Ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

    WBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта және жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвис Ислам дінін қабылдады.

    Ол 2013 жыл әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа аууысқан. Сол кезден бері шаршы алаңда ешкімнен ешқашан жеңіліп көрмеген. 2017 жылы алғаш рет 59 кг салмаққа дейінгілер арасында IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған. 2019 жылы 61,5 кг салмақта WBA тұжырымы бойынша дүниежүзінің ең мықты спортшысы атағын жеңіп алған. Ал 2021 жылы 63,5 келіде әлем чемпионы болған.

    Жалпы, ол кәсіпқой бокста 29 рет жекпе-жекке шығып, соның бәрінде жеңіске жеткен. 27 айқаста қарсыласын нокаутқа жіберген.

    Соңғы жекпе-жегінде ол Райан Гарсияны (25-1, 20 КО) нокаутпен жеңген. Райан Гарсия да нокаутшы боксшы. Ол 24 жекпе-жекте қарсыласын 20 рет нокаутқа түсірген. Ал соңғы айқаста Джервонта Дэвисқа ғана есе жіберді.

    Джервонта Дэвис әуесқой бокста 220 рет рингке шығып, 205 жекпе-жекте жеңімпаз болған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *