Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли мен қытайлық Лю Фанчжоудан айласын асырды.
Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Құламбаева – Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.