«Ордабасы» клубы Түркияда өткен Winter Cup Қазақстан Қысқы ҚКФЛ Қысқы кубогының иегері атанды.
Шымкенттің клубы финалында Қостанайдың «Тобыл» командасын матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, пенальтилер сериясы берілгенде 7:6 есебімен жеңді.
«Ордабасы» кубоктың иегері ретінде 60 млн теңге сыйақы алды. Ал «Тобыл» 40 млн теңгеге ие болды.
Енді «Ордабасы» мен «Тобыл» 25 ақпанда Қазақстан Суперкубогының финалында кездеседі.
Турнирдің қола жүлдесін «Ақтөбе» командасы иеленді. Ақтөбеліктер үшінші орын үшін матчта пенальти сериясында Семейдің «Елімай» клубын 3:2 есебімен жеңді. Бұл ойынның негізгі уақытында қарсыластар 2:2 есебімен тең тарқасты.
Осы матчта Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов жарақат алды. Ол ойынның 66-минутында алаңдағы орнын босатты. Футболшының жарақаты қаншалықты ауыр екені белгісіз.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram