• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com/qaz_olympics/

    Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден тағы чемпион атанды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы (юниорлар) көркем жүзуден аралас топтық сайыс пен акробатикалық топтар бәсекесінің еркін бағдарламасында алтын жүлдені жеңіп алды.

    Әуелі қыздар құрамасы (13-15 жас) көркем жүзуден топтық сайыстың еркін бағдарламасында қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды.

    Құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадулина, Анджелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Джаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирева бар спортшылар 212.5417 ұпай жинады. Қосалқы құрамда Аяулым Жакпаева мен Перизат Бекпаева болды.

    Одан кейін көркем жүзуден аралас топтық сайыстың еркін бағдарламасында Анна Павлецова, Артур Майданов, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айганым Саим, Дарина Валиуллина, Карина Магрупова 424.8125 иеленіп, бірінші орынға шықты. Осы сында қосалқы құрамда Виктор Друзин пен Анастасия Воронкова қалды.

    Акробатикалық топтағы еркін бағдарламада 197.0800 жинаған Анна Павлецова, Виктор Друзин, Артур Майданов, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Валерия Столбунова, Ирада Исламова, Айганым Саим (резерв: Карина Магрупова, Дарина Валиуллина) Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

    Көркем жүзуден аралас жұптар (13-15 жас тобы) сайысының еркін бағдарламасында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова (резерв: Юлиана Романчикова) жүлдегер атанды. Ал
    Аралас жұпта Виктор Друзин мен Анна Павлецов (резерв: Артур Майданов, Валерия Столбунова)
    күміс медальді жүлде иеленді.

    Азия чемпионатында су добынан ерлер құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Малайзияны 25:3 (6:2, 3:0, 8:0, 8:1) есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Ойында Николай Бабенко, Нұрасыл Сатберген, Кирилл Пантелеев, Егор Белоусов, Дәурен Әли, Нұржас Нұртаза, Алдияр Әлкімбай, Әл-Фараби Құбайдолла, Алмат Мадимар мен Әділ Балтабекұлы голдыу авторы атанды.

    Енді 1/2 финалда ватерполдан елімізідң бас командасы Жапониямен кездеседі.

    Қазақстан қыздар құрамасы төртінші ойында Қытайға 9:14 (2:2, 1:4, 2:3, 4:5)
    есе жіберді. Енді 8 наурызда әйеелдер құрамасы Өзбекстанмен, 9 наурызда Таиландпен ойнайды.

    Бұл матчта Алина Озкая, Яна Мартынова, Ариадна Затыльникова, Яна Смолина, Дарина Сембек мен Юлия Дружинина гол салып, көзге түсті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *