• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com/boxingkazakhstan/

    Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

    Бокстан Литваның Каунас қаласында Альгирдас Шоцикас атында өткен халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

    Сонымен бірге ұлттық құрама 3 күміс және 2 қола медаль иеленді.

    Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді.

    Жандос Қыдырәлиев (63, 5 кг) ирландиялық Паул Хэйл Джонның жекпе-жектен бас тартуына байланысты тағы бір алтын медальды иеленді.

    67 келі салмақта Елнұр Сүйінбай Польша өкілі Кирилл Глобенкодан басым түсті.

    Фарух Тоқтасынов (71 кг) соңғы жекпе-жегінде украиналық Максим Молоданны жеңсе,

    Азамат Бектас (75 кг) тағы бір Польша өкілі Михал Ярлинскиден айласын асырды.

    80 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет ұлыбританиялық Рамтин Мусаны жеңді.

    Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Алмат Әбдуәли (60 кг) пен Абзал Құттыбеков (86 кг) төрешілер шешімімен қарсыластарынан жеңіліп, екінші орынды алды.

    51 келі салмақта Даниял Сәбит пен ауыр салмақтағы Аманат Сабырғали қола жүлдеге ие болды.

    Осылайша, боксшылар халықаралық турнирде 6 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді иеленді.

    Ал Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында «Ұлы жібек жолы» дәстүрлі халықаралық турнир басталады. Оған 11 елден 121 боксшы қатысады.

    Қазақстан және Әзербайжан құрамасынан бөлек, турнирде Өзбекстан, Ресей, Польша, Қыргызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан мен Венгрия боксшылары да бақ сынайды..

    Кеше турнирдің жеребе тарту рәсімі болып, боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

    Бүгін «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға алты боксшы шығады.

    Олардың екеуі турнирді 1\8-финалдан бастаса, төртеуі ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

    Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Рамазан Каркукаевпен кездесетін болды. Егер Қоңқабаев қарсыласын жеңсе, ширек финалда Өзбекстанның алыбы Баходир Жалоловпен қолға түйістіреді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *