• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/RRaketkasi

    Рыбакина қайта кортқа шықты

    Еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатын емдеп алған соң, қайта кортқа шықты. Қазір ол АҚШ-тың Майами штатында ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысып жатыр.

    Бүгін ертемен Атлант мұхитының ар жағынан келген хабарға қарағанда, ол турнирдің  төртінші айналымына шықты. Бұл жарыста ол төртінші ракетка болып тіркеліп, америкалық Тейлор Таунсендпен ойнады.

    Бұл спортшылардың алғашқы кездесуі еді.

    Бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Рыбакина брейкке жасап, өз мүмкіндігін жіберген жоқ.

    Екінші сетте керісінше есеп 3:4 болғанда, теннисші қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Одан кейін  қателігін түзеп, есепті теіестірді.

    Үшінші партияда Рыбакина 2:0 есебімен алға шығып, матчты брейкпен жеңді. Қорытынды есеп– 6:4, 6:7, 6:4.

    Екі сағат 23 минутқа созылған ойында Рыбакина 16 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.

    Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, тағы бір америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі.

    Осы турнирде Юлия Путинцева да төртінші айналымға шықты. Ол үшінші айналымда әлемнің 79-ракеткасы, бельгиялық Грет Минненмен сынға түсті. Кездесде Путинцева қарсыласынан 6:2, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.

    Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе рейтингіде 36-орындағы украиналық Ангелина Калининаның қай жеңгенімен ойнайды.

    Ерлер жарысында Александр Бублик пен Александр Шевченко Майами мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

    Әлемнің 18-ракеткасы Александр Бублик 38-ракетка, Италия өкілі Маттео Арнальдиден, ал  тізімде 58-орында тұрған Александр Шевченко әлемнің 9-ракеткасы, поляк Хуберт Хуркачттан жеңіліп қалды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *