• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Олимпиада-2024: Қазақстан семсерлесуден алғаш рет төрт жолдама алды

    Грузияның Тбилиси қаласында семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Турнирге ұлттық құраманың сапында Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай мен Эльмир Әлімжанов қатысты.

    Командалық жолдаманың арқасында үш спортшымыз бірден жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласады. Бұл 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшыларының Чехиядан жеңілгеніне байланысты мүмкін болды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кіріп, тікелей лицензия бұйырды.

    Бұған дейінгі Олимпиадаларда 1996 жылы 1/16 финалда Вячеслав Григорьев, 2012 жылы 1/16 финалда Дмитрий Алексанин, 1/8 финалда Эльмир Әлімжанов, 2016 жылы 1/16 финалда Илья Мокрецов, 2021 жылы 1/8 финалда Руслан Құрбанов өнер көрсеткен болатын.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *