• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com/boxingkazakhstan/

    Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысатын боксшы анықталады

    Қазақстан бокс федерациясы биыл Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиадының іріктеу ойындарына 63,5 кг салмақ дәрежесінде қатысатын боксшыны анықтау үшін бірнеше үміткер арасында спарринг өткізетін болып шешті.

    Бұл жекпе-жектер Астана қаласында болады. Оған Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Жандос Қыдыралиев пен Төрехан Сабырхан қатысады.

    Олимпиадаға іріктеу турнирі 8-10 сәуір аралығында Таиландтың астанасы — Банкок қаласында болады.

    Салмақ өлшеу күнде сағат 08:00 ден 09:00 ге дейін болады. Жарыс күнде сағат 16:00 де басталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *