Нысана көздеуден Чехияның Пльзень қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысында Қазақстан спортшылары екі медальді жеңіп алды.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қола жүлдене ие болды.
Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып жатыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары