• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еліміз бірінші бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізуге үмітті 

    31 мамыр күні Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитеттің үйлестірушісі Марселлин Дэлли және комитеттің хатшысы  Шамми Рананың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. 

    Жиынға, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қатысады.

    Кездесуде ЮНЕСКО, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

    Мәртебелі меймандардың Қазақстанға арнайы ат басын бұруының басты себебі – 1-2 маусым  күндері Астанадағы «Қазанат» атшабарында өтетін Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты мен Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатын тамашалау.

    ЮНЕСКО ұйымы 2021 жылы бүкіләлемдік бірінші этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Осы әлемдік бәсекені өткізуге үміткер төрт мемлекеттің қатарында Қазақстан Республикасы да бар.

    Сонымен қатар, ЮНЕСКО өкілдері «Этноспортты дамыту және насихаттау» тақырыбында семинар кеңес ұйымдастырады.

    Баспасөз мәслихат сағат 15.00-де басталады.

    БАҚ өкілдеріне аккредитациядан өтуі міндетті, аты-жөні әрі өздерімен бірге әкелетін техникалардың (камера, фотоаппарат, телефон) тізімін, маркасын көрсетіп, министрлік баспасөз қызметінің mki_gov@mail.ru электронды мекен-жайына жолдау қажет!

    Барлық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-09-24, + 7 707 278 6728 телефон номерлеріне хабарласуға болады.

     

    Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *