• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Триатлоншы Екатерина Шабалина Олимпиаданың лицензиясын алды

    Бүгін триатлоннан ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Халықаралық триатлон федерациясы ресми түрде Азия құрлығында қалған жалғыз квотаны Екатерина Шабалинаның алғанын растады.

    Спортшы жолдамаға New Flag санатында ие болды. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі.

    Екатерина Шабалина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды.

    Ерлер арасында осы санатта Аян Бейсенбаевта мүмкіндік болған. Алайда ол шешуші рейтингте Гонконг спортшысы Лонгтан 31,84 ұпайға қалып қойды.

    Қазір Қазақстан делегациясында 55 жолдама бар. Лицензияны 52 спортшы жеңіп алған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *