Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол Беларусь елінің өкілі Юлия Готовкамен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Полина Яценко мен бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты.
Бірінші партияда Құламбаева – Готовко 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде ресейлік-бельгиялық дуэт6:1 есебімен есе қайырды.
Супер тай-брейкте Жібек мен Юлия қарсыластарын 10:4 есебімен жеңді.