Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне белгілі журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.
Ол 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.
Нұрсұлтан Құрман отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.