• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Andrew Milligan

    Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды

    Бүгін футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде Андорра командасымен ойнайды.

    Жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра командаларымен бір топқа түсті. Аға жаттықтырушы Денис Мамоновтың ойыншылары 2 маусымда Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізді.

    Бүгін болатын матч «Астана Арена» стадионында 19:30-да басталады. Одан кейін жастар құрамасы 8 маусымда Англия командасымен жасыл алаңға шығады.

    Ойыншылар тізімі:

    Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»).

    Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).

    Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли (AKAS).

    Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан Тәңірі»).

    Ойын күнтізбесі

    2025 жыл

    5 маусым

    Қазақстан — Андорра

    8 маусым

    Қазақстан — Англия

    9 қазан

    Андорра — Қазақстан

    13 қараша

    Словакия — Қазақстан

    17 қараша

    Қазақстан — Молдова

    2026 жыл

    27 наурыз

    Қазақстан — Словакия

    31 наурыз

    Қазақстан — Ирландия

    25 қыркүйек

    Англия — Қазақстан

    29 қыркүйек

    Ирландия — Қазақстан

    6 қазан

    Молдова – Қазақстан

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Фото: Қазақстан футбол федерациясы

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *