Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-оффқа жолдама алды.
Құрама команда B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады.
Сондықтан Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңуді алдына мақсат етіп қойып, қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Енді жастар командасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА