Таэквондошы Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды.
Ол 49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Болгарияның өкілі Александра Георгиеваны 2:1 есебімен жеңді.
Финалда Испанияның спортшысы Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА