Әзербайжанда өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары тағы 10 медаль алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін Мингячевир қаласында каратэшілер 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдені жеңіп алды. Алтын медальді Дархан Теміралиев (-60 кг), Айжан Бәкірова (-61 кг), Диас Анарбеков (+84 кг) иеленсе, Асылай Савидова (+68 кг), Шыңғыс Тайлиев (-75 кг) пен Натали Касикова (ката) күміс жүлдеге ие болды. Қола медальді Малика Абжанова (-50 кг) мен Айшабибі Шарахан (-55 кг) қанағат тұтты.
Осыдан екі жыл бұрын Беларусьте жалау көтерген II ТМД елдері ойындарында WKF каратэден Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс жүлде иеленген.
Қазір Қазақстан құрамасы Әзербайжандағы кешенде жарыста 8 алтын медальмен жалпы есепте бесінші орында келе жатыр.
Гянджа қаласында нысана көздеуден III ТМД елдері ойындарының алғашқы жүлделері өз иесін тапты.
Пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда Дмитрий Ким ешкімге дес бермеді. Ол финалда 249.4 ұпай жинады. Тағы бір отандасымыз Никита Шахторин финалда бесінші орын алды.
Әйелдер арасында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Александра Ле күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз финалда 253 балл жинады. Ал Елизавета Безрукова төртінші сатыға жайғасты.
Қазір Қазақстан құрамасының III ТМД елдері ойындарындағы алтын саны төртеуге жетті.