• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Су спортынан АЧ: Қазақстан жүзушілері 11 медаль алды

    Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Сондай-ақ командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды.

    Қазақстан — 190.1663

    Таиланд — 154.5151

    Өзбекстан — 141.1051

    Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова мен Виктор Друзин қорғады.

    Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан көркем жүзуден жалпы 11 медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, жеті алтын, екі күміс және екі қола жүлде бар. Осылайша, біздің спортшылар Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.

    Ал әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды.

    Жекелей сайыста (еркін бағдарлама) Карина Магрупова мен Виктор Друзин жеңімпаз атанды.

    Одан кейін аралас жұптар арасындағы (еркін бағдарлама) сайыста Наргиз Болатова мен Виктор Друзин қола жүлдеге ие болды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *