• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Ахмади Маханов Еуропада үздік ойыншы атанды

    14 жастағы Ахмади Маханов 2025 жылдың қорытындысымен Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Үздік шетелдік ойыншы» атағына ие болды. Ол Еуропа одағына кірмейтін мемлекеттер арасынан үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Жас теннисші биыл жақсы нәтиже көрсетті. Соның арқасында ол 16 жасқа дейінгілер арасында Еуропа теннис қауымдастығы рейтингісінде 24-орынға шықты.

    Биылғы маусымда Ахмади Стокгольмде 14 жасқа дейінгілер арасында дәстүрлі түрде Tennis Europe супер санаты бойынша бойынша өтетін Король кубогында жекелей сында алдына жан салмады. Жұптық сында Авеню кубогы, Тим Эссон мен Брселав Оупен жарыстарында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ жекелей сында Tennis Europe додасында финалға дейін жетті.

    Ахмади Маханов — Ақтөбе теннис мектебінің түлегі. Ол Team Kazakhstan академиясында тіркелген. Жеке жаттықтырушысы — Павел Цой.

    Бұған дейін осы атақты 2021 жылы Зара Дәркен  алған.  Бір жылдан кейін Заңғар Нұрланұлы ие болды. 2023 жылы Ева Корышева мен Даниэль Тазабековтің мерейі үстем болды. Ал өткен жыл соңында Аңсар Ниетқалиев марапатталды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *