Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплинде Илья Мизерных пен Данил Васильев те финалда өнер көрсетті. Ал Илья Мизерных іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, ТОП-10-ға кірді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.
Жүлдегерлер:
1-орын. Домен Превц (Словения) — 301.8 ұпай
2-орын. Рен Никайдо (Жапония) — 295.0 ұпай
3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) — 291.2 ұпай
8-орын. Илья Мизерных — 281.6 ұпай
27-орын. Данил Васильев — 235.9 ұпай
Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.

SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары