• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстан Орталық Азияда таза спортты ілгерілетуде негізгі рөл атқарады

    Туризм және спорт министрлігі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (ВАДА) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Рәсім Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында болды. Құжатқа министр Ербол Мырзабосынов пен  ВАДА президенті Витольд Банька арасындағы кездесуде қол қойылды.

    Меморандум еліміздің таза спорт қағидаттарына берік екенін растайды. Сондай-ақ тапсырмаларын іске асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.

    -Біздің белсенді ынтымақтастығымыз өткен жылы Астанада мемлекет басшысының жылы қабылдауынан бастау алды деп есептеймін. Допингке қарсы зерттеулердің дамуына көрсеткен қолдауы үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Қазақстанға алғысымды білдіремін. Бұл келісім Қазақстанның өңірде таза спортты дамытудағы жетекші рөлінің нығайып келе жатқанын көрсетеді, — деді Витольд Банька.

    Сонымен қатар тараптар 2027 жылы Астанада ВАДА-ның Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігін талқылады.

    Ербол Мырзабосынов Қазақстанның адал бәсекелестік қағидаттарын ұдайы ұстанатынын және допингке қарсы білім беру жүйесін белсенді түрде дамытып жатқанын атап өтті.

    -ВАДА-мен ынтымақтастық біз үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстанда таза спорт мәдениетін қалыптастыруға, халықаралық стандарттарды нығайтуға және әлемдік озық тәжирибелерді енгізуге басымдық беріледі. Еліміз допингтің алдын алу және білім беру бағытындағы бағдарламаларды қолдап, оларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, — деді министр.

    Кездесу аясында салалық білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту мәселесі де ерекше назарға алынды. Қазақ ұлттық спорт университеті мамандар даярлау мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы ретінде қарастырылып, Қазақстанның Орталық Азиядағы допингке қарсы саясаттағы көшбасшылығын нығайтатын білім беру хабы ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.

    Еске сала кетейік, өткен жылы мемлекет басшысы президент ВАДА Витольд Банькамен кездескен болатын. Ол Қазақстанға алғаш келгендердің бірі еді.

    Кездесуде мемлекет басшысы Витольд Баньканы II дережелі «Достық» орденімен марапаттады. Биылғы меморандум екіжақты ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *