• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Семейде спортшылар Ауған соғысының ардагерлерін еске алды

    Семей спорт академиясында облыстық «Спорттық және жауынгерлік самбо» федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына және интернационалистік борышын өтеуде қаза тапқан жерлестерді еске алу мақсатында самбо күресінен облыс чемпионаты өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

    1999 – 2000  жылы туған жастар арасында өткен жарыста ұлдар және қыздар 10 салмақ бойынша боз кілемнің көрігін қыздырды. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқандар Ауған жерінде қаза тапқан жерлестерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің Семей қаласындағы төрағасы Боранбай Бегатовтың айтуынша, бұл соғыста бұрынғы Семей облысынан 1100 адам қатысса, оның 44-і сол жақта көз жұмып, 2 жауынгер хабар-ошарсыз кеткен. Сондай-ақ Ауған ардагерлеріне қатысты әлі де шешімін күткен мәселелер де бар. Соның бірі – Ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесі. Мәрте айқындайтын құжат Парламенттің төменгі палатасының қарауында көрінеді.

    Ал жарысқа келсек, чемпионаттың бас төрешісі, самбо күресінен ШҚО бойынша аға жаттықтырушы Біржан Имаханов бірінші және екінші орын алған балуандар 7 – 11 наурыз аралығында Алматы қаласында өтетін жастар арасындағы ел чемпионатына жолдама алатынын айтты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *