• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атырауда Жауынгерлік өнер ассоциациясының басшысы тағайындалды

    Өткен жылдың соңында  елімізде Жауынгерлік өнер ассоциациясы құрылып, президенті болып Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов тағайындалған болатын. Осы күнде   еліміздің әр өңірінде осы қауымдастықтың федерациялары ашылып, өз жұмыстарын бастады. Бұдан былай Олимпиада ойындарына енбеген спорт түрлерінің 20 федерациясы бір тудың астына бірігіп, Жауынгерлік өнер ассоциациясына қарайтын болды.

    Атырау облысында Жауынгерлік өнер ассоциациясының кезекті жиыны өтіп, мұнайлы өңірдегі өкілдігіне басшы тағайындады. Осынау іргелі ұйымның Атырау облысы бойынша ашылған өкілдігінің басшысы болып елімізге белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры, қазақ спортының дамуына айырықша үлесін қосып жүрген қайраткер Ерлан Хисметұлы Табылдиев тағайындалды.

    Атырау өңірінде аралас жекпе-жектен өткен республикалық, халықаралық турнирлердің бел ортасынан табылып, қашанда қуаттап, ұйытқы болып  жүретін Ерлан Хисметұлының кандидатурасын жиынға қатысқан федерация президенттері мен спорттық мекеме басшылары бірауыздан қолдады. Алдағы уақытта Атырау облысында жекпе-жектен, Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлерінен турнирлер ұйымдастырып, өңір спортының өрге басуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

    Алдағы уақытта  спорттық медицинаны замана көшінен қалдырмай өрістету, Жауынгерлік өнер ассоциациясына қарасты спорт түрлерін дамыту, спорттық кешендер салу, спортшылардың жай-күйін жақсарту да осы ассоциация аясында жүзеге асады. Іргелі іргелі ұйымның Атырау облысы бойынша басшысы  болып тағайындалған Ерлан Хисметұлын құттықтап, еңбегіне табыс тілейміз.

     

    Қуаныш РАХМЕТ,

    АТЫРАУ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *