• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

    Атырау қаласында дзюдодан 1999 – 2001 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстанның жекелей чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

    2 наурыз күні басталған ел додасына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысты.

    Үш күнге созылған жарыста Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. Ал Атырау облысының дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. 2 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлде иеленген Шығыс Қазақстан облысының жастар құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

    Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының сапында Семей спорт академиясының 11 шәкірті бақ сынаса, оның төртеуі қола, беруі алтыннан медаль тақты.

    Семей спорт академиясының шәкірті Есентай Имаханов (60 кг), Дастан Шаяхметов (66 кг), Жанасыл Әнуаров (73 кг) 3 орын, Зарина Сарипова (63 кг) қоладан медаль тақса, Қуандық Стамполов 90 кг салмақта чемпион атанды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *