• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Михаил Трушков

    Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі басталды

    Бүгін Астанада алғаш рет жүзуден өтетін World Aquatics – Astana 2026 әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

    Бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 40-жуық елден 300-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен қазіргі рекорд иелері де бар.

    Жарыс Баку, Ташкент пен Астана қалаларын біріктіретін Silk Road халықаралық сериясының қорытынды кезеңі болады.

    Әлем кубогы World Aquatics ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген. Ол «Барыс Аренадағы» 25 метрлік бассейнде өткізіледі.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, додаға шетелден 226 қатысушы тіркелген. Олардың арасында АҚШ, Қытай, Канада, Аустралия, Жапония, Италия, Ұлыбритания, Нидерланд және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар. Жарыс бағдарламасына еркін стиль, брасс, баттерфляй жәнре шалқалап жүзуден 50, 100 және 200 метрлік қашықтықтар енгізілген. Сонымен қатар спортшылар 100 және 200 метрге кешенді жүзу мен эстафеталық сайыстарда бақ сынайды.

    Қазақстан құрамасының намысын 22 саңлақ қорғайды. Ерлер мен әйелдер 17 сайыс түрі бойынша жүлдеге таласады.

    Әлем кубогының салтанатты ашылу рәсімі бүгін сағат 17:30-да «Барыс Аренада» өтеді.

    Ертең спортшылар таңғы және кешкі сессияларда сынға түссе, 17 қазанда шешуші бәсекелер болып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің айтуынша, әлем кубогы кезеңінің елімізде өтуі жүзу спортының дамуына тың серпін береді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *