• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Балуандарға төсбелгілер беріледі

    Биыл «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде самбо күресін дамытуға  қосқан қомақты үлесіне және еңбектері үшін берілетін төсбелгілер (медальдар) шығаруды ұйғарды.

    Бұл бастаманы Федерация президенті Рапиль Сейітxанұлы Жошыбаев қолдап, спорт жанашыры, спорт ардагері, Шығыс Қазақстан облысы самбо федерациясының вице-президенті Пәрмән Әбдуәлиұлы Имаxановтың идеясына мен де мемлекеттік жаттықтырушы және Федерацияның бас xатшысы ретінде өз үлесімді қосып, ақылдаса отырып мынадай төсбелгілер (медальдар) жасатып шығардық:

    — «Самбо күресінің Құрметті ардагері»

    — «Самбо күресінің дамуына қосқан Ерен еңбегі үшін»

    — «Самбо саңлағы» және «Қазақстан Чемпионы» деген белгіше.

    Бұл төсбелгілер көптеген ардагер аға буын мен орта жастағы балуан бауырларымыздың аянбай төккен тердің арқасында омырауларында ерекше орын алатынына сенеміз.

    Осы идеяны бастап, көптеген жұмыстарын жасап жатқан Пәрмән Имаxановқа және Шығыс Қазақстан облысы самбо федерацияларының мүшелері, есімдері елге танымал балуан Зекен Шәймерденов, Шалқар Жоламанов, Қайрат Чармұxамбетов сияқты азаматтарға мың алғыс!

    Бұл – самбоға еңбектері сіңген, соңғы кездері ұмытылып бара жатқан аға-бауырларымыздың руxын аз да болса бір көтеріп, келешек ұрпағымызға үлгі болсын деген дүние ағайын.

     

    Қаймен ЕСЕНДИЯРОВ,

    самбодан мемлекеттік жаттықтырушы,

    «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *