Бүгін Түркияның Анталья қаласында екі жылда бір рет өтетін кикбоксинг спорт түрінен (фулл-контакт) әлем чемпионаты аяқталды.
Бұл дүрмекті додада қазақ спортшыларының мерейі үстемі болып, жұлдыздары биіктен жарқырады. Жарыста Қайрат Смағұловтың шәкірттері жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Олар 63 елдің 696 спортшысы қатысқан бәсекеде үш алтын, екі күміс, бір қола медальді жеңіп алды.
Бұл сында Ерлан Шағбан (54 кг), Жандос Назарбеков (60 кг), Фазледдин Сафаров (+ 91 кг) бірінші орынды, Дінмұхаммед Баймұратов (51 кг) пен Нұрсұлтан Хасанов (67 кг) екінші орынды иеленсе, қола жүлдені Мұқағали Оралбаев (86 кг) қанағат тұтты.
Ардақ ТОҒЫМОВ